Іс-шаралар » сш. Дихан
Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7263) 73-31-83
Есепші бөлімі:
+7(7263) 73-31-83
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Іс-шаралар
№ 2 орта мектебінде 18.01.2024 жыл күні қазақ тілі бірлестігінің аудандық семинары өткізілді.
18
январь
2024
№ 2 орта мектебінде 18.01.2024 жыл күні қазақ тілі бірлестігінің
№ 2 орта мектебінде 18.01.2024 жыл күні қазақ тілі бірлестігінің аудандық семинары өткізілді. Семинарға мектеп психологы Мынтасова А мұғалімдермен нейрогимнастикалық жаттығу жүргізіп, «Мені қайтала» тренингін жүргізді. Тренингтің мақсаты: қабылдауды дамыту. 
"ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ!" атты жаңа жылдық іс - шара өтті.
28
декабрь
2023
"ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ!" атты жаңа жылдық іс - шара өтті.
   Төрлет, ЖАҢА ЖЫЛ! Мектебімізде бастауыш сыныптар аралығында "ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ!" атты жаңа жылдық            іс - шара өтті. Мақсаты: балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.  Жаңа жылда, балалар, Тек қуаныш көріңдер. Ауырмаңдар ешқашан, Мықты болу өзіңнен. Іс - шара жоғары дәрежеде өтті.
" Үздік Тәлімгер-2023 " байқауы өтті.
14
декабрь
2023
" Үздік Тәлімгер-2023 " байқауы өтті.
2023 жылдың 14 желтоқсан күні мектебімізде Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығы және мектеп тәлімгері Ұ.С.Баймұратованың ұйымдастыруымен аудандық " Үздік Тәлімгер-2023 " байқауы өтті.Байқау мақсаты: тәлімгерлердің тиімді тәжірибесін анықтау, қолдау және тарату. Кәсіби шеберлігінің деңгейін көтеру, тәлімгер мамандығының беделін арттыру үшін қолайлы жағдай жасау, тәлімгердің мәртебесін арттыру. Балалар бірлестігінің жұмысын кеңінен насихаттау және жүргізу. Байқау жоғары дәрежеде өтті.
«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз»
12
декабрь
2023
«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз»
«Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз»  Оқуға құштар мектеп жобасын іске асыру мақсатында, қысқы демалыс кезінде «Кітап  оқимыз, жадымызға тоқимыз» атты іс- шара өткізілді. Іс- шараның мақсаты оқушыларды бос уақытта да кітап оқуға баулу. Интернет дамып тұрған заманда кітап оқуға балаларды баулу біздің бірден бір жетістігіміз болып табылады. 
20 минут кітап оқу сағаты
17
ноябрь
2023
20 минут кітап оқу сағаты
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында  20 минут кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Үзіліс кезінде оқушылар кітап оқу арқылы өздерінің рухани жағынан байытуға арнайды. Сөз өнері арқылы баланың жеке басының дамуына ықпал ету, өнер мен қарым – қатынас қажеттілігіне тәрбиелеу, оқырмандық  іс әрекетін қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту,  оқырмандық көкжиегін кеңейту болып табылады.
"Алтын жапырақ, төккен күз" атты күзгі балл өтті.
27
октябрь
2023
"Алтын жапырақ, төккен күз" атты күзгі балл өтті.
№ 2 орта мектебінде тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Алтын жапырақ, төккен күз" атты күзгі балл өтті. Мақсаты: Оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу. Күзгі балға 7 сынып қатысты. І орынды 10 сынып, ІІ орын 7 "Ә" сынып, ІІІ орын 9 "Ә" сыныптар алды. Сыныптар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен бағаланды.