
Байкеева Дана Оңғарбайқызы 25 желтоқсан 1983 жылы туылған. 2001 жылы Жамбыл ауданы Ю.Гагарин атындағы орта мектебін бітірген. 2005 жылы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжін, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық- техникалық университетін ағылшын тілі мұғалімі мамандығын тамамдаған. Еңбек жолын Байзақ ауданы Ленин атындағы орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі қызметінен бастады.2022 жылы 1 қыркүйектен бастап, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2023 жылы "Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы" жобасы аясында мектеп басшыларының кадрлық резервіне енгізілді. 2024 жылы қаңтар айында №2 орта мектебі директоры лауазымына тағайындалды.