Директор
№ 2 орта мектебінің қамқоршылық кеңестің атқарған жұмысы туралы.
Мектепте қамқоршылық қорғаншылық кеңесі құрылған іс-шара жоспары жасалып, жұмыстар жүргізілуде, жеті адамнан құрамы бекітілген. Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп, күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырылды. Мектеп бойынша жартылай жетім 6 оқушы, көп балалы отбасынан 26 оқушы бар. 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығында осы аталған оқушылардың ішінен 16 оқушыға «Мейірімді жүрек» атты екі рет қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып жүз мың теңге көлемінде қаражатқа керекті киімдер, оқу құралдары алынып берілді. Міндетті білім беру қорының есебінен 12 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасы арқылы тамақ берілуде. 29 қазан «Қамқоршылар күнінде» «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара ұйымдастырылды. (Крнцерттік бағдарлама, спорттық шаралар) өткізілді. Ауылдағы демеушілердің ұйымдастыруымен мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтуда аталған осы оқушылар жаттығуда. Оқушыларды жаз кезінде демалдыруда 7 әлеуметтік категориясы бар балалар әр түрлі салада демалуы ұйымдастырылды. Астана қаласындағы ЭКСПО көрмесіне 3 оқушыміндетті білім беру қорынан 2 оқушы демеушілердің ұйымдастыруымен барды. Күзгі каникул кезінде 15 оқушыны «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыруға» байланысты мұражайларына демеушілердің көмегімен барып қайтты.
Осы оқушыларды аудандық, пәндік олимпиадаларға, спорттық жарыстарға қатыстырып ІІ, ІІІ орындарды иеленді. Үш тұлдыр жетім оқушының қамқоршыларының есебі отырыста тыңдалды. 2019-2020 оқу жылының І жарты жылындағы қамқоршылық кеңесі төрағасының есебі тыңдалды. Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп, осыған сіздердің көбірек жұмыс істеулеріңіз қажет.